X
egov

You are here

2018 жылы енгізілген жаңа форматтағы АӘК 72 мыңнан астам отбасына берілді

АӘК

АӘК бағдарламасының соңғы 5 айдағы негізгі көрсеткіштерін ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті жариялады. 

Сонымен, 2018 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек, құрамында 368 мың адамы бар 72 мың отбасына тағайындалды. Оның ішінде 59 мың адам шартсыз және 309 мың адам шартты ақшалай көмек алды.

Бұл төлемнің жалпы соммасы 7,9 млрд. теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда АӘК-тің көлемі шамамен 1,7 млрд. теңгеге артып, адам басына шаққанда ай сайынғы төлем 4 200 теңге болып отыр. 

«АӘК алғандар арасында 21,7%» (79,7 мың адам) еңбекке жарамды. Олардың арасында 33,6 мың адам (67%) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған,  оның 22,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. 8,6 мың адам қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа, 2,3 мың адам қайта даярлау, біліктілігін арттыру және жастар тәжірибесіне жіберілді, 61 адам Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша өз бизнесін ашты.» - дейді Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Балжан Баяхатова.

 Еске сала кетейік, аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қызметі жұмыс істейді.

Ол мемлекеттік қолдаудың 3 түрін қамтиды:

- қаржылай көмек; ай сайын немесе 6 айға шартты көмек көрсетілетін біржолғы төлем;

- жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары; оқытуға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беру. Сондай-ақ бизнесті ашуға немесе бар бизнесті кеңейтуге арналған микрокредиттер беру;

- қиын өмірлік жағдайға тап болған мұқтаж азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілденген көлемі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы тараптар өзара міндеттемелерді жауапкершілікке: әлеуметтік қызметтер жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жәрдемақы төлеу, отбасының еңбекке жарамды мүшелері - жұмысқа орналасуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысады.

Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 32 млрд. Теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен 18 млрд.

20 маусым, 2018 - 16:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші