X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

ҚР ЕХӘҚМ

Қоғамдық кеңестің есептік тыңдауына қоғам қайраткерлері, кәсіподақ және үкіметтік емес ұйым, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, 2017 жылы әлеуметтік-еңбек саласының дамуына және ағымдағы жылғы атқарылатын негізгі міндеттерге тоқталды.

Министрдің баяндамасының негізгі тақырыптары Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ, Қазақстан қоғамының әлеуметтік жаңғыруына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа ауқымды қадамға айналған Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жайында болды.

Ведомства басшысының айтуынша, 2017 жылы қабылданған әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалды.

«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге  2017 жылы 2,1 трлн. теңге жұмсалды, бұл 2016 жылға қарағанда 13% -ға артты және республикалық бюджет шығыстарының 26%-ын құрады. 2017 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы екі есеге өсіп, 2 млн-нан астам адамның  зейнетақысының мөлшері 20 пайызға артты. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған әлеуметтік төлемдер көлемі 7%-ға өсті» - деп атап өтті М. Әбілқасымова.

Сонымен бірге, 2017 жылы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдер 7% -ға артты. Бұдан бөлек, оңалтуға арналған техникалық құрылғылар тізімі 40% -ға дейін кеңейтілді. Жаңартылған тізімде 55 элемент бар, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың санаттары көбеюде.

Министрліктің маңызды міндеттерінің бірі - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және олардың табысын арттыру.

Мақсатты және жүйелі жұмыс нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқандардың қатары 570 мыңнан астам адамды құрады.

Өткен жылы 15 мың адам кәсіптік салада оқыған болса, 7,2 мың адам шағын несие алды, оның 4 мыңнан астамы start-up жобаларға қатысушылар.  Нәтижесінде 4 мың 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша биыл бизнесті бастау үшін 3,5 мың грант берілетін болады. Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасы шағын несиелеуді кеңейтуді жүзеге асыру бойынша 14 мың жұмыссыз және өздігінен жұмыс істеп жүрген азаматтар, оның ішінде 11 мың ауыл тұрғындары қамтылатын болады.

Мадина Әбілқасымованың айтуынша, 2018 жылы Мемлекет басшысының белгілеген нақты міндеттерін есепке ала отырып, министрліктің жұмысы бірқатар басымдықтарға бағытталып отыр, атап айтқанда - азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру; жаңа экономика үшін жаңа қалыптасқан кадрлар даярлау; жұмыспен қамтуды ресімдеу және барлық қазақстандықтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосу; лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау.

Осы міндеттерді орындау шеңберінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта қаралды. Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатысты барлық әлеуметтік төлемдер, яғни 3 млн-нан астам қазақстандықтың осы бағыттағы деңгейі 16 пайызға дейін ұлғайтылды.

Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру барысында зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтілінің мерзіміне байланысты болады.

Сонымен, «Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді. Бұл үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен аумақтық департаменттер бірлесіп базалық зейнетақыны қайта есептеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 2 млн-нан астам зейнетақы мәселесі қаралды. Министрлік 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемін жаңа мөлшерде төлеуге дайын» - деді министр.

Сондай-ақ, 1 млн. зейнеткердің базалық зейнетақысының мөлшері 2 есе өсетіні айтылды.

Жұмыспен қамту құралдарының тиімділігіне қол жеткізу еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Біріншіден, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру үшін биылғы жылы Электронды Еңбек биржасы іске қосылды, оның негізінде бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің үлкен базасы қалыптастырылуда.

Жыл басынан бері Биржада 81 мың адам тіркеліп, 131 мың адам жұмыс тапты. Жұмыспен қамту деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% -ға артты.

Ведомства басшысы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру әлеуметтік қызметтердің және жұмысқа орналасудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру сапасының жақсартындығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта біздің 34 қызметіміздің 17-і автоматтандырылған, 2 қызмет түрі белсенді, олар: бала тууына және бала күтіміне жәрдемақы бөлу; 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысы болмаған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау болып отыр. Сонымен бірге белсенді қызмет көрсету уақыты жеті күннен 15 минутқа дейін қысқартылды» - деді М. Әбілқасымова.

Ведомстваның басқа да басымдықтарының қатарында министр көші-қон үдерістерін реттеу бойынша міндеттерді жүзеге асыруды, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды, босап қалған қызметкерлерді қамтамасыз ету міндеттеріне де тоқталды.

Есеп беру кезінде министрдің сөзінен кейін, қоғамдық кеңестің мүшелері өз ойларын ортаға салып, пікірлермен бөлісті.

Мәселен, Қоғамдық кеңес мүшесі, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец ведомстваның атқарып жатқан жұмысын оң бағалап, жұмыспен қамтуды ресімдеу және бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу туралы өз пікірін білдірді.

«Әрине, қызметкерлер жалақыдан бюджетке айтарлықтай көп салық төлейді. Алайда, бірыңғай жиынтық төлем бойынша ҚР ЕХӘҚМ-нің ұсынып отырған 2000 теңге көлеміндегі төлем - бұл халықты жұмыспен қамтуда ресімдеу кезінде аса маңызды қадам. Біздің ойымызша, бұл қоғамды біріктіріп қана қоймайды, себебі, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыс істейтін, тәуелсіз болып табылатын екі жүйе бар. Формализация аясында қабылданған шешімдер, атап айтқанда, жұмыспен қамтудағы дағдылар халықтың біліктілігін жетілдіруде үлкен көмек болады », - деп атап өтті Николай Радостовец.

Сонымен қатар, Кеңес мүшесі министрліктің әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудағы әртекетін оң бағалады.

Жиында Қоғамдық кеңес мүшелері өңір тұрғындарымен кездесулер өткізу және ҚР ЕХӘҚМ жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар бойынша насихат жұмыстарын жүргізу маңыздылығы ерекше аталды. 

Кездесудегі талқылау барысында мүгедектердің еңбек құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ бас бостандығынан айырылып, кейін босап келген адамдарды әлеуметтік қолдау және базалық зейнетақыны қайта есептеуді жүзеге асыруға дайындық жағдайы туралы мәселелер көтерілді.

Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына оң баға беріп, алдағы кезеңдерге бірқатар ұсыныстарын білдірді.  

22 маусым, 2018 - 15:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші