X
egov

You are here

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады

Премьер-Министр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Премьер-Министр «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС  ЖШС-не, №1 қалалық емханаға, ет өңдеу зауытына барды. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету әдістерімен және жалпы өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.

Облыс активі және бизнес өкілдерімен кездесуде жаңа жаһандық үдерістегі  экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың жасалуы сөз болды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешені жұмысын, инвестиция тартуды, экономиканың негізгі салаларын арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңғырту және индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, оқыту, жаңа жұмыс орындарын құру және экономиканы одан әрі әртараптандыру мәселелері айтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымов жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру туралы баяндады. Оның айтуынша, жұмыспен қамту саласындағы негізгі міндеттер қазіргі кезде жұмыс күшінің ағымын басқару, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту, дербес және бейресми жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін анықтау және тіркеу үшін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбек құқықтары мен  әлеуметтік жағдайын қорғау мәселелері талқыланды.

Ақмола облысында 2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 429 мың адамды құрады, оның 408 мыңы жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыздар - 20 мың адам. Жұмыспен қамтылу құрылымында 275 мың адам жадамалы жұмысшылар (67%) және 133 мың өздігінен жұмыс істейтіндер (23%) болып отыр. Еңбек ақы деңгейіне сәйкес Ақмола облысы республикалық көрсеткіште 28% қалыс қалған.

Өндірісті жаңғырту 6 кәсіпорында: «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Көкшетау Энерго» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Агрофирма «Родина» ЖШС, «RG GOLD» ЖШС сияқты өндірістерде іске асады. Олар жұмысшылар арасында жұмыс ресурстарын босатпай-ақ, компанияда қайта бөлуді жоспарлап отыр.

Еңбек ресурстарын басқару үшін облыстың әкімдігі барлық ірі кәсіпорындармен өзара Жол картасына қол қойды. Онда негізінен тау-кен өндіру, өңдеу және сауда салалары қамтылған.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі құралы, - деп атап өтті Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова. Осы мақсатқа биыл Ақмола облысы үшін 4,6 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, бүгінге дейін облыста аталған бағдарламаға 8,9 мың адам қатысып, оның ішінде 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, 4,6 мың адам (51,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды. .

Шағын және орта кәсіпкерлік секторы жұмыспен қамтылған өңірдің үштен бірін (31,2% немесе 127,2 мың адам) құрайды және оның әлеуеті басым болып тұр. Осылайша халықтың табысы мен олардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру маңызды міндет болып табылады

Осыған орай, Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асырылуын ескере отырып, биыл Ақмола облысында халықты микрокредиттеу үшін 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту жайында баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысында барлық 19 жұмыспен қамту орталығы электронды еңбек биржасына қосылғанын атап өтті. Десе де, бұл жүйе әлі де толық пайдаланылмай отыр.

Министрдің тағы бір тоқталған мәселесі азаматтардың мәртебесін өзектендіру. Жыл басынан бері аймақтағы 125 мың адамның бүгінге дейін 42,7 мыңның (34%) мәртебесі анықталды.

Ал, мәртебесі анықталмаған тұлғалардың қызмет орындарын, оларға жұмыс берушілерді анықтау, келісімшарттар жасасу және еңбек қатынастарын бұзуды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы басталды. Ағымдағы жылы Ақмола облысында аталған форматты іске асыру үшін 457,8 млн теңге қарастырылған.

Сөз соңында министр Ақмола облысының әкімдігіне тұрғындарды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында аталған тапсырмаларды орындауды күшейтуді тапсырып, бұл өз кезегінде халықтың кірісі мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыратындығын ерекше атап өтті.  

26 маусым, 2018 - 10:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші