X
egov

You are here

Мәжілісте жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бірінші мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлданды (бұдан әрі - Келісім).

Келісім Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарының еңбек жағдайлары бойынша жазатайым оқиғалардан зардап шеккен азаматтардың еңбек құқықтарын өзара қорғауға бағытталған.

Құжатты ратификациялау азаматтармен, оның ішінде өз-өзі жұмыспен қамтыған және осы елдердің кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтармен жұмыс кезінде жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін бекітуді көздейді.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, келісімнің нормаларына сай еңбек жағдайлары бойынша жазатайым жағдайларды тергеу тәртібі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленді.  

Осылайша, келісімде қатысушы елдер үшін өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің бірыңғай № Н-1Е формасы бекітілді. Тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті және актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің еңбек инспекциясына жолданады.

Топтық, ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тексеру аяқталғаннан кейін акті тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азаматтың тұратын мемлекетінің уәкілетті органына жолданады.

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты құжаттарды немесе қатысушы елдердің бірінің аумағында расталған құжат көшірмелерін басқа елдермен Келісімге қатысушылар заңдастырусыз қабылдайды.

Осылайша, зардап шеккен азаматтардың денсаулығына келген зиянды және  жұмысындағы жазатайым оқиғаларға байланысты өтемақы төлемдерін өтеу жеңілдетілген түрде жүзеге асады.

Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы беретін мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек заңнамасына және қабылданған халықаралық шарттарға қайшы келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

27 маусым, 2018 - 11:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші