X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев еңбек келісімшартын электронды түрде толтыру мүмкіндіктері туралы баяндады

Цифрландыру

Вице-министр қолданыстағы ҚР еңбек кодексі еңбек немесе ұжымдық келісім шарттың талаптарын тараптар тек жұмысшыға көрсетілер кепілдемелер мен оның еңбек саласындағы құқықтарын жақсартуды өзгерте алатындығын атап өтті. Яғни шартта көрсетілген бұл мүмкіндіктер қысқартылмайды. Осылайша, еңбек шартын электрондық форматта жасасу жұмыскер үшін біріншіден жұмысқа орналасу кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік бермек. Әсіресе бұл еңбек қатынасын реттейтін жаңа форматтағы келісім - қашықтықтан қызмет көрсетушілер/жұмыс жасаушылар үшін таптырмас шешім болары анық. Оның үстіне электронды құжаттың қағаздағы баламасын шығарып, оны сақтаудың да қажеттілігі болмайды. Себебі электронды құжат пен үйреншікті қағаз күйіндегі құжаттың заңи мүмкіндіктері теңестірілген.

 «Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба» туралы ҚР Заңына сәйкес, электронды құжат айналымы мемлекеттік органдармен, заңды немесе жеке тұлғалар арасында да жүзеге асырылады.

Электронды-цифрлық түрде берілген ақпарат электронды-цифрлық қолтаңбамен расталады. Бұл «қолтаңба» құжаттың мағынасы мен нақтылығын куәландырады.

Электронды құжат айналымы жүйесіне қатысушы тараптар  арасындағы қарым-қатынас қолданстағы заңнамалық актілермен және ҚР Заңымен реттеледі.

Сонымен қатар, Нариман Мұқышев жұмысшыларыд жазбаша немесе электронды цифрлы қолтаңбасымен расталған келісімін алған соң, жұмыс беруші автоматтандырылған кадрлық құжат айналымын жүргізе алады, - деп атап өтті. Яғни қызмет бабына қатысты актілерді қызметкерге танысуға электронды форматта жолдауға құқығы бар.

5 шілде, 2018 - 20:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші