Еңбек министрі М. Әбілқасымова Ақтөбе облысындағы жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер туралы айтты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрі М. Әбілқасымова Ақтөбе облысындағы жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер туралы айтты

Ақтөбеге жұмыс сапар

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысында Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері бойынша өңір активімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өнімді жұмыспен қамту саласындағы жұмыс бағытын, оның ішінде еңбек ресурстарының ағыны мен жұмысқа орналасу міндеттеріне тоқталды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында жұмыспен қамту және табыс деңгейін арттырудың негізгі міндеттері, еңбек ағындарын басқару, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, инфрақұрылымды жаңғырту, еңбек нарығын, мәртебені айқындау мен ресімдеу, бейресми және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін іске асыру болып табылады.

Болжам бойынша облыста еңбекті қамтамасыз ету деңгейі арта береді. Еңбек нарығында қосымша еңбек ағындары жыл сайын шамамен 12 мың адамды құрайды - олар оқу орындарының түлектері мен сондай-ақ ішкі көші-қон есебінен болып отыр.

Бұл ретте, өңір үшін жаңа жұмыс орындарын құру ғана емес, олардың сапасын жақсарту және еңбек ресурстарының ағынын төменгі өнімділіктен жоғары өнімділікке дейін басқаруды қамтамасыз ету маңызды.

«Жұмысқа орналасуда шағын және орта бизнес секторы үлкен әлеуетке ие. Осыған байланысты халықтың табысын арттыру үшін оны дамытуды ынталандыру қажет», - деп атап өтті ведомства басшысы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жұмыспен қамтылған өңірлердің үштен бірі (орта есеппен 30,9% немесе 134,6 мың адам, Қазақстан бойынша - 36,6%) шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді.

Халықты жұмыспен қамтуда негізгі құрал – Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.

Ақтөбе облысында аталған бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылы 7,3 млрд. теңге бөлінді, мемлекеттік қолдау шараларымен 32,5 мың адамды қамту жоспарлануда. Бүгінгі күні бағдарламаға қатысушылар 18,9 мың адамды құрады. 16 мың адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 9,4 мың адам (59%) тұрақты жұмысқа орналасты.

Халықты шағын несиелеумен қамту үшін биыл Ақтөбе облысына 4,9 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен бірге бүгінде жастарға көбірек көңіл бөлу мәселесі айтылды. Ақтөбе облысында қазір 15-28 жас аралығындағы 2,5 мың жас жұмыссыз.  Осы жылы 15 мың бала мектеп бітіреді.

«Оларға білім беру аясында тегін кәсіптік-техникалық оқумен қамтитын шараларды қабылдау қажет», - деп қорытындылады министр.

Ақтөбе облысы әкімдігінің ақпаратына сай, кәсіпорындар өндірісін жаңғырта отырып, жұмыскерлер арасында қысқарту болмайды.

«Бұл мәселені шешу жолдары өңірдегі барлық ірі кәсіпорындармен одан әрі дамыту ұсынылады, сондай-ақ жұмыскерлердің босатылып қалу жағдайында жұмыспен қамту шаралары бойынша жекелеген жоспарларды анықтау қажет»,- деді Еңбек министрі М. Әбілқасымова.

Сондай-ақ, еңбек нарығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында министр аймақтық жұмыспен қамту орталықтарының Электронды еңбек мүмкіндігін белсенді пайдалануды, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ынтымақтастық тетіктерін әзірлеуді ұсынды.

Айта кету керек, биыл облыста 596 адам жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы жұмысқа орналастырылуы қажет.

Азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша биыл аз қамтылған 2,7 мың отбасы, 13,4 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды(жоспардың 22,4% орындалды).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен еңбекке қабілетті азаматтардың 66,8% -ы қамтылды.

Жалпы Ақтөбе аблысында жаңа форматтағы АӘК бағдарламасын жүзеге асыру үшін 950,6 млн. теңге бөлінді.

Осы мәселе бойынша М. Әбілқасымова анықталған отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен толық қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

179 қызметкердің алдында 77,8 млн. теңгеге дейінгі берешекті өтеу үшін Еңбек министрлігінің басшысы дағдарысқа қарсы штаб пен үшжақты комиссияның жұмысын күшейтуді, қолданыстағы борыштарды өтеудің қатаң кестесін және мерзімін белгілеуді ұсынды.

16 шілде, 2018 - 09:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші