Еңбек дауларын реттеу мәселелері батыс өңірлік кәсіпорындар басшыларымен талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек дауларын реттеу мәселелері батыс өңірлік кәсіпорындар басшыларымен талқыланды

Ақтөбедегі басқосу

Компаниялардың әлеуметтік-саяси мәселелері бойынша семинар-кеңес Ақтөбеде өтті.

Бұл шара еңбек қатынастарын реттеуде тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болды.

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының мұнай өңдеу және мұнай қызметі секторалырының басшылары, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары саласының сарапшылары қатысты.

Бүгінде осы өңірлерде 20 мыңнан астам белсенді кәсіпорын жұмыс істеп, 1 млн.-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, бұл елдегі жұмысшылардың жалпы санының 16% -ын құрайды. Облыстағы ұжымдық келісімдер ірі және орта кәсіпорындардың 95% -ын қамтиды.

Семинар барысында қызметкерлерге еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастар, сондай-ақ компаниялардағы еңбек дауларын шешудегі келіссөздер жүргізу механизмдері туралы шаралар талқыланды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атап өтткендей, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі қабылданған шаралар тиімділігі осы процеске әлеуметтік әріптестік тараптарының қаншалықты қатысатындығына тікелей байланысты болмақ.

«Осы мақсатта 2018 жылдың қаңтарында Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында жаңа Бас келісім жасалды. Осы үшжақты Бас келісім шеңберінде еңбек қатынастарын реттеу бойынша кешенді шаралар қабылданды», - деді министр.

Қазіргі уақытта елдегі кәсіпорындардағы ағымдағы жағдай еңбек тәуекелдері Картасымен бағаланып, бақыланады, оның шеңберінде ай сайын тәуекелді аймақта 200-ден астам кәсіпорын бар, онда 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Осы жұмыстың нәтижесінде соңғы жылдары еңбек даулары 5 есеге азайып отыр.

Еңбек жағдайларында маңызды мәселелердің бірі өндірістік жарақаттанудың жоғары көрсеткіштері және қолайсыздығы болып табылады.

Осыған байланысты Министрлік әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, 2019-2021 жылдарға арналған зиянды еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарында өндірістік жарақат алу деңгейін төмендетуге арналған кешенді Жол картасын әзірледі. Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өнеркәсіптік кеңестер құру жұмысы жүргізілуде.

Кәсіпорындарды жаңғырту нәтижесінде босатылған қызметкерлерді одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында батыс өңірлік жергілікті атқарушы органдар 135 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 95 ірі кәсіпорынмен еңбек ағындарын басқару бойынша Жол карталарына қол қойды.

Жиынға қатысушылар алдында сөз алған  Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, аймақтағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуалдың тұрақты екендігін жеткізді.

«Біздің аймақта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасын  орындауда кешенді жұмыс жүргізілуде. Соның ішінде, біз қызметкерлердің барлық еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасап келеміз. Жылдың басынан бері ірі және орта кәсіпорындармен 4700-ден астам меморандумға қол қойылды. Біз еңбекақының уақтылы берілуін қатаң қадағалаймыз. Жұмысшыларды қысқарту фактілері жоқ. Керісінше, бізде жұмыс күші жетпей жатыр, инженерлік-техникалық мамандықтар жетіспейді», - деді облыс әкімі.

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Марат Тоқханов ұжымдық шарт қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын негізгі құрал екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі күнде кәсіпорындар мен ұйымдардың 33% -ы ұжымдық келісімшарт жасады және көптеген жұмыс берушілер оны қызметкерлер мен қоғамға әлеуметтік жауапкершілік ретінде емес, бизнеске қосымша шығындар ретінде қабылдайды.

«Біз күн сайын жұмыс берушілерді ұжымдық келісімдерді жасау арқылы кәсіподақтар құру жолымен әзірленген әлеуметтік әріптестіктің айқын жүйесін құру қажеттілігіне сендіруіміз керек. Ұжымдық шарт болған жерде көлеңкелі экономика мен басқа да теріс схемалар болмайды. Біз бүгінгі әлемнің жаңғыруына сәйкес келетін тың әлеуметтік және еңбек келісімшарттарын бірлесіп әзірлеуіміз керек», - деп атап өтті М.Тоқханов.

«Теңізшевройл», «Қазмұнайгаз», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» және «Бұрғылау» компанияларының басшылары корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша осы кәсіпорындардың тәжірибесін ұсынды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ департаментінің директоры Еркін Рахымбергеновтың айтуынша компанияның әлеуметтік әріптестік саладағы қызметінің басты мақсаты, еңбек құқықтарын бұзуға жол бермеу, қызметкерлердің құқықтарын түсіндіру және ұжымдық-шартты реттеуді енгізу болып табылады.

Кәсіпорындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін құралдардың бірі 2014 жылдың сәуірінде «Барлау және өндіру» бизнес аймағында бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізу болып табылады, ол қазір бірдей лауазымдар мен кәсіптер үшін ақы төлеуді біріктірді.

«Бұл әртүрлі деңгейде, бірнеше жылдар бойы жұмыс істейтін қызметкерлер тарапынан еңбекақыны арттыру талаптарын орындауға шешім болды. Біздің кәсіпорындағы қызметкерлерге 35 әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, олардың барлығы сырқаттанып қалған жағдайда, жұмысшылардың отбасыларын ерікті медициналық сақтандыру, жыл сайынғы еңбек демалысымен бірге сауықтыру үшін материалдық көмекпен қамтылған», - дейді Еркін Рахымбергенов.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Рзабек Артығалиевтің айтуынша, кәсіпорынның әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу қағидасы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, ұжымдық шарттың және еңбек қатынастарын басқарудың қатаң сақталуын бақылау болып табылады.

Компания кәсіпорынның тиімділігін арттыру арқылы қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға мүдделі. Еңбекақы төлеудің лайықты деңгейін және қызметкерлердің әлеуметтік пакетін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді.

«Компанияның бірінші ұжымдық келісімшарты 1996 жылы жасалды және біз оны үш жыл сайын жаңартып отырамыз. 2016 жылы компания әлеуметтік көмек пен төлемдердің барлық түрлерін сақтап қалатын ұжымдық шартты қайта қарастырды», - деді Рзабек Артығалиев.

Батыс Қазақстандағы ең ірі компанияның бірі «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» әлеуметтік жауапкершілікті бұрыннан бері орнықты дамтудың басты шартының бірі ретінде қарастырып келеді.

Компанияның бас директорының орынбасары Марат Каримовтың айтуынша, кәсіпорынның әлеуметтік саясаты қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік нысандарды салу және қазақстандық сапаны қамтуды дамыту болып табылады.

«Компанияның бизнес мақсаттары кәсіпқойлық, еңбекқорлық және қызметкерлерді бейімдеу арқылы жүзеге асырылады. Біздің жұмысшылар Қарашығанақ кен орнын игеру мен пайдалануда маңызды рөл атқарады. Олардың біліктілігін үздік оқу орталықтары негізінде кәсіби деңгейде  жетілдіреміз. Биылғы жылы біз бұрынғыдай кадрлар құрамындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз, қажет болған жағдайда оны түзету шартымен еңбекті бағалау деңгейіне салыстырмалы талдау жүргіземіз», - деген М. Каримов өз тәжірибесімен бөлісті.

Жалпы алғанда, жиынға қатысушылар еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын қамтамасыз ету,  жағдайды бақылауды жақсарту және өндірістегі қақтығыстарды болдырмау, кадрларды даярлау, өндіріс қызметкерлері үшін салауатты өмір салты мен құндылықтарды қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту туралы сөз қозғады. Айта кету керек, бұл биылғы жылы Министрлікпен жоспарланған төрт өңірлік кездесудің алғашқысы болып отыр.

Ведомства басшысы басқосудың нәтижелерін қорытындылай келе, оған қатысқандарға салиқалы әңгімелері үшін алғыс айтты.

«Бүгінде бар проблемаларды шешуге үш жақты көзқарас көптеген нәрселерге назар аударуға мүмкіндік береді. Заң негізінде көп жұмыс жасайтынымызға қарамастан, бұл жұмыстардың нәтижесі тікелей кәсіподақтар мен компанияларды басқаруға тәуелді болады. Күнделікті жұмыс маңызды болғандықтан, климат мониторингі - қызметкерлердің көңіл-күйі мен үміттері болады», -деп өз сөзін қорытындылады Еңбек министрі М. Әбілқасымова.

16 шілде, 2018 - 13:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші