Елімізде 2018 жылы 1 шілдеден бастап 18 жастан асқан бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға жаңа жәрдемақы енгізілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Елімізде 2018 жылы 1 шілдеден бастап 18 жастан асқан бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға жаңа жәрдемақы енгізілді

І топтағы мүгедектер

Жәрдемақының мөлшері ағымдағы жылы ең төмен күнкөріс деңгейінен 1,05 немесе 29 699 теңгені құрайды.

Жәрдемақы 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға төленеді.

Атап өткен жөн Барлық тиісті әлеуметтік төлемдер мүгедектер үшін сақталады.

Жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі жүгінген күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген барлық кезеңге тағайындалады.

Бұл ретте бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсету бойынша жәрдемақы мына адамдарға:

  1. Кәмелет жасқа толмаған;
  2. Сот әрекетке қабілетсіз не қабілеттігі шектеулі деп таныған;
  3. Психиатриялық және наркалогиялық диспансерде есепте тұрғандарға тағайындалмайды;

Отбасыда екі немесе одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек болған жағдайда жәрдемақы олардың әр қайсысына тағайындалады және төленеді.

Осылайша, жәрдемақыны 14 мыңға жуық отбасы алатын болады.

3 шілде, 2018 - 19:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші