Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы

баспасөз мәслихаты

Бүгін, 31 шілдеде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселелеріне қатысты жиын өтті.

Вице-министр Светлана Жақыпова 2018 жылдың 2 шілдесінде Мемлекет Басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіріп берді.  

Вице-министр мұндағы негізгі жаңашылдықтарға тоқталды.

Сонымен, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 25-бабына өзгерістер енгізілген, яғни ағымдағы жылдың 14 шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасы үшін мiндеттi зейнетақы жарналарын аударулары тиіс.

Вице-министр атап өткендей, бұл ереже азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қабылданды және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне мемлекеттік базалық зейнетақы мен жинақталған зейнетақы қаражатын бөлу кезінде ескерілетін еңбек өтілін арттыруға мүмкіндік береді.

С. Жақыпова аталған норма талаптары өтемақы шарты негізінде жеке немесе заңды тұлғалар үшін белгілі бір жұмыс түрлерін я болмаса қызметтерді жүзеге асыратын азаматтарға қатысты болады.

«Жеке тұлғалардың кірісі азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету нәтижесінде алған табысы бойынша анықталады. Жеке мүлікті, депозиттерді, акцияларды немесе бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер зейнетақы жарналары бойынша міндетті болып саналмайды», - деді Светлана Жақыпова.

Бұл ретте міндетті аударылатын зейнетақы жарналары, сондай-ақ оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережелерде айқындалады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметіңің 114 тармағына сәйкес өзгерістерді іске асыру, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету заңымен қабылданғанын, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен дайындалған өзгерістерін, Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы». Қазіргі кезде жоба рәсімдеу келісімін мемлекеттік органдарда өтуде. Құжат келіскен мерзімңің екі ай аралыгында Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілуіне еңгізілуі керек», -деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Бұл үдеріске Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс пен қызмет түрлерін белгілеу тұрғысынан кіріп отыр.

1 тамыз, 2018 - 10:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші