Әлеуметтік-еңбек саласына инновациялық көзқарас | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Әлеуметтік-еңбек саласына инновациялық көзқарас

Цифрландыру күні

Тамыздың 9-ы күні Astana Hub аймағында вице-министр Нариман Мұқышевтің қатысуымен  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің цифрландыру күні өтті. 

Вице-министр шараға қатысушыларға министрліктің қолға алған жобалары және IT нарықпен тығыз қарым-қатынастағы бастамасы жайында  айтып берді.  

«Ең алдымен сіздерге  жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы алтын көпірге айналғалы  тұрған  Электронды еңбек биржасы туралы  айтқым келіп отыр. Бұл жерде жұмыс орындары туралы мәліметтер мен түйіндемелерді жүктегеннен басқа, автоматты түрде жұмыс орнын таңдаудан өзге, әрбір жұмыс іздеуші тесттен өте алады. Осылайша ол өзіне ыңғайлы мамандықты анықтап алады» -деді Н.Мұқышев.

Бүгінде 58 мың жұмыс беруші мен 225 мың жұмыс іздеуші Электронды еңбек биржасының қызметін  пайдалана алды. ЭЕБ көмегімен 203 мың адам жұмысқа орналасты.  Электронды еңбек биржасының базасына 36 мың жұмыс орны мен 91 мың түйіндеме орналастырылған. ЭЕБ–на жұмыспен қамтитын 6 интернет-алаң қосылды, Алматы мен Астана қалаларынан 4 баспа Бұқаралық ақпарат құралдарынан жұмыс орындары қабылданып жатыр.

Электронды еңбек биржасы аясында министрлікпен жұмыс іздеушілердің жұмыс таңдаудағы сапасы арттырылады, яғни еңбек нарығына қажет кәсіпқой мамандар таңдалып, олардың біліктлігі арттырылады.

Қазіргі күні азаматтарды жұмысқа орналастыру ісімен жұмыспен қамту орталықтары және жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері айналысады.

Электронды еңбек биржасының порталына тіркелген жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері онлайн режимінде жұмыс іздеушілерді таңдауға мүмкіндік алып отыр және ол тегін жүргізіледі.

Ендігі 45 жекеменшік жұмыспен қамтитын агенттік өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында Электронды еңбек биржасының мүмкіндіктерін пайдалануда.  2018 жылдың қаңтар мен тамыз айлары арасында олармен 8 182 жұмыс орны жарияланды.

Жақын арада министрлік жұмысқа орналастыру қызметтерінің бір бөлігін жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктеріне бермек.  Соның есебінен, жұмыспен қамтуға ықпал ететін инфрақұрылым әлдеқайда кеңейеді.

Цифрландыру бағытындағы министрліктің екінші маңызды жобасы- E-HR электронды еңбек келісімдерінің жүйесін қалыптастыру.

«Бүгінде министрлік базасында электронды еңбек келісімдерін есепке алу бойынша бірыңғай сақтау орны әзірленді. Жұмыс беруші жұмысшымен келісім –шарт жасасады да, келісім туралы ақпаратты веб-сервистер арқылы бірыңғай сақтау орнына жолдайды. Біз жұмыс берушілерге элеткронды жеке іс құруды ұсынып отырмыз. Осылайша,  жеке тұлғалар үшін жұмысқа тұру процесін және жұмыс берушілердің жұмысын да жеңілдетеміз»,- деп атап өтті  вице-министр.

Осы орайда Нәриман Мұқышев  IT-компаниялардың өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.  Соның ішінде IТ – шешімдерді қажет ететін электронды еңбек келісімдерінің бірыңғай сақтау орнын құруға қажетті және кадр есебінде ақпараттық жүйесі жоқ шағын және орта бизнестің келісімдерін тіркеу мәселесінде кадрлармен қамту айтылды.

Сондай-ақ, министрлік белсенді  қызмет көрсетуді дамытып жатыр.  Бұл жаңа форматтың мақсаты, қызмет түрін азаматтар емес, мемлекет ұсынатын болады. Ендігі ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап  бала тууға қатысты жәрдемақыны белгілеу қызметі жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, 2 шілдеден бастап, зейнеткерлікке шығу жасы келгендерге композиттік қызмет көрсетілуде.

 «Мысалы, бұрын зейнеткерлікке шығатын азаматқа базалық, жинақтаушы, ынтымақты  зейнетақы және мемлекеттік кепілдік берілуі үшін , ол үш рет Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, 4 өтініш жазып және басқа да көптеген құжаттарды жинап, тапсыратын.  Қазір ол бір рет ғана өтініш жазады да, ең қажетті деген құжаттарды тапсырады,- деп түсіндірді Н.Мұқышев

Ведомство жәрдемақы төлеу процесін оңтайландыру үшін, азаматтардың әлеуметтік картасын құруды жоспарлап отыр. Ақшалай төлемдер шотына, зейнетақы, жәрдемақыларды бектіліген  әлеуметтік картаға аудару жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «Face ID» пилотты жобасы бастау алып отыр. Бұл реабилитацияға арналған техникалық жабдықтарды тасымалдауға бағытталған жоба. «Face ID» технологиясы бойынша тауарды жеткізу немесе  беріп жіберу барысында тұлғаны сәйкестендіру орны алады. Бұл өтініштің орындалуын, тауарды дер кезінде  жеткізіп беру, оның атқарылу барысын бақылауда уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Вице-министр министрлікте  күн сайын әртүрлі қызмет көрсету түрлері бойынша ауқымды мәлімет жиналатынын айтты. Осы деректерді өңдеу үшін жасанды интеллект технологиясын қолдану жоспарланып отыр.

«Біз нарыққа министрлікте жасанды интеллектіні пайдалану бастамасына белсенді қатысуды ұсынамыз. Өз тарапымыздан әдістемелік қолдау жасауға дайынбыз. Сіздердің тараптарыңыздан еліміздің  және  халқымыздың игілігі үшін  IT технологияны енгізу шешімін күтеміз»-деді вице-министр Н.Мұқышев.

10 тамыз, 2018 - 11:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші