You are here

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

Ассалаумағалейкум. Мен Жүнісов Бекдәулет Мизамғалиұлы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы "Бейнеу жұмыспен қамту" мемлекттік мекемесінің 1 жылдан бері әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттымын. Сіздерден сұрайын деген сұрағым әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызметінде жұмыс жасайтын басқа өңірдің мамандарымен сөйлескенімде жалақыға 50 (елу) пайыз жалақы мөлшері қосылып беріледі екен, ал бізге ол қосылмайды. Біздерге әлеуметтік жұмыс консультантттары елу пайыз жалақымызға қосымша төлем төленуі тиістіма соны білейін деп едім. Алдын ала рахмет жауап берсеңіздер.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақыға қосымша ақы төлеуге қатысты хатты қарап, Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің (ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 қаулысымен бекітілген) 6-қосымшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерінде қосымша ақы төленетінін хабарлайды.

         Сондай-ақ, ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатынын атап өткен жөн.

Сұрақтың нөмірі: 353287
8 желтоқсан, 2018 - 19:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші