You are here

№1193 қаулыға түсініктеме

Саламатсыздарма! 2015 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысындағы 18-Қосымшаның 9 тармағындағы 2тармақшасында Тазалаушыларға: дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды;БЛА-дан 20 % дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде БЛА-дан 30 % делінген;

1 сұрақ: Балабақшада жұмыс істейтін тазалықшыға дез.құралды пайдаланғаны үшін 20% төленіп келе жатыр, ғимарат ішілік немесе ғимарат сыртындағы әжетхананы сол кісіге бектітіп берілген жағдайда тағы да 30% қосымша ақы сонда барлығы 50%төлену қажет па?

2 сұрақ: жоғарыда аталған қаулының 4-Қосымшасының 4тармақ 4тармақшасында тәрбиеші көмекшілерге дез.құралдармен жұмыс істегені үшін 30% қосымша ақы төлену керек делінген, топтардағы балалар және ересек әжетханасы сол қосымша ақыға кіреді ма, әлде қосымша әжетхана жуғаны үшін де 30% барлығы 60% төленуі керек па?

3сұрақ: асхана қызметкерлері (аспазшы, аспазшы көмекшілеріне) ыдыс аяқ жуылғанда дез.құралдар пайдаланғандары үшін қосымша ақы төленеді ма?

Осы сұрақтарыма жауап берсеңіздер

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Бірінші сұрақ бойынша.
Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстармен айналысатын тазалаушыларға:
- дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинаған кезде базалық лауазымдық айлықақыдан (БЛА) 20 % мөлшерде қосымша ақы белгіленген;
- дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде - БЛА-дан 30 %.
Егер қызметкер дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, өндірістік және қызметтік үй-жайларды, сондай-ақ дәретханаларды жинаған кезде, ең жоғары мөлшердегі бір ғана қосымша ақы жүргізіледі, яғни БЛА-дан 30 %.

Екінші сұрақ бойынша.
Қаулының 4-қосымшасы 2 тармақ 9-тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 30 % мөлшерде қосымша ақы көзделген.
Осыған орай, аталған ұйымдар тәрбиешілерінің көмекшілері топтардағы балалар және ересектер әжетханасын залалсыздандырғыш заттарды пайдалана отырып, тазалаған жағдайда жоғарыда аталған 30 % мөлшердегі қосымша ақы жүргізіледі.
Бұл ретте, қаулыға 18-қосымшаға сәйкес тазалаушыларға дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде көзделген қосымша ақы тәрбиешілер көмекшілеріне жүргізілмейтінін атап өтеміз.

Үшінші сұрақ бойынша.
Қаулымен асхана қызметкерлеріне (аспазшы, аспазшы көмекшілеріне) ыдыс-аяқ жуылғанда дезинфекциялық құралдарды пайдаланғандары үшін қосымша ақы қарастырылмағанын атап өтеміз.
Бұл ретте, Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес ауыр қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына БЛА-дан 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Аталған қосымша ақы «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Тізім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Аталған Тізімнің 46-бөлімінде (Экономиканың барлық саласының жалпы мамандықтары) плитаның жанында үнемi iстейтiн аспаз кәсібі көрсетілгенін атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 353309
19 желтоқсан, 2018 - 17:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші