check

You are here

«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 811 қаулысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылуы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индексациялау жолымен халықтың әлсіз бөлігін әлеуметтік қолдау болып табылады.

Аталған арттырулар 2019 жылғы 1 қаңтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.

Қаулыны жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бөлімдер:
13 желтоқсан, 2018 - 17:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші