check

You are here

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

Министрлік "Атамекен" Ұлтттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға бағытталған "Бастау Бизнес" жобасын іске асыруда. 

Кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмыссыздар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

 

Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен қамтамасыз етіледі.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тестілеу;

2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру; 

3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

4) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.

Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.

Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.

Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

 

Операторы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2018 жылы "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқытумен 28,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 19,5 мың дам өз бизнес жобаларын қорғап, олардың, 7,7 мыңы микрокредиттер алған. 

2019 жылы 15 мың адам қамтылады деп күтілуде. 

 

 

 

 

 

1 сәуір, 2019 - 09:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші