You are here

Еңбек министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында болған қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрды

қайғылы оқиға

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Су Арнасы» МКК-ның төрт қызметкері қаза табу нәтижесінде орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бұйрығымен арнайы комиссия құрылды.

Комиссияны Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Оның құрамына қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдері кірді.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

23 мамыр, 2019 - 20:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші