check

You are here

​​​​​​​МӘСҚ-тан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы ҚР ЕХӘҚМ бұйрығының жобасы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.

2. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

 

 

КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің 2019 жылғы

« »          №  бұйрығымен

бекітілген

 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 7-бабының 9-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

 

 

 

2) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

3) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, астана және республикалық маңызы бар қалаларындағы филиалдары;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық атқарушы орган ведомстволарының аумақтық органдары.

6) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;

7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындауды және төлеуді жүргізетін заңды тұлға;

8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалдары – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының облыстық, астана және республикалық маңызы бар қалаларындағы филиалдары;

9) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларды мемлекеттік қолдаудың нысаны;

10) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда төлемдер түрлерін жүзеге асыруға арналған орталық атқарушы органның орталықтандырылған дерекқоры;

11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

12) Электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын, әлеуметтік төлемді алушының электрондық іс макеті.

13) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3. Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін электрондық белгілеу кезіндегі уәкілетті орган мен Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшерін белгілеу тәртібі

4. Жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

5. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысы мөлшерін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ставкасына көбейту арқылы айқындалады.

СУБЖБМЗЖ = (ОАТ * 5%), мұндағы:

СУБЖБМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері;

ОАТ – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табысының орташа айлық мөлшері. ОАТ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-2-бабына сәйкес айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу Заңның 15-бабына сәйкес жүргізіледі.

 

3-тарау. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыру тәртібі

6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін не қамқоршы (асырап алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүргізіледі.

7. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясын белгілеу кезеңін келесі туылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау алдыңғы бала бір жасқа толған күннен кейінгі күннен бастап, ал осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тоқтатылған жағдайда бала қайтыс болған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап немесе алдыңғы баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыға міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүргізіледі және белгіленеді.

8. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін есептейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар ЭІМ қалыптастырады және оларды Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

9. Мемлекеттік корпорацияның филиалы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар ЭІМ-ны олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар ЭІМ-ның ресімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.

10. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдарының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді.

11. Уәкілетті орган жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар ЭІМ олар түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде қарайды және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

12. Мемлекеттік корпорацияның мамандары жіберген қателер анықталған жағдайда уәкілетті орган жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар ЭІМ қателерді жою үшін қайтару себебін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайта ресімдеуге қайтарады.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар істің электрондық макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар ЭІМ қайта қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жібереді.

13. 16. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.

ЭІМ орталық атқарушы органның ақпаратттық жүйесінде тұрақты сақталады.

14. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшері белгіленген (белгілеуден бас тартылған, аударуды тоқтата тұрған) жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні, сондай-ақ Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметік төлем алушылардың ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.

Sms-хабарлар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

15. Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде:

1) агенттің 5 пайыз жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталғанда;

2) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру фактісі анықталғанда;

3) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылар туралы мәліметтер келіп түскенде;

4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімнің күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскенде,

5) алушыға Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметік төлем тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылатын мән-жай басталған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.

Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұруға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған ЭІМ дайындау және жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 9-13-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

16. Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы мынадай құжаттардың беруін:

1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын анықтаманы;

2) әлеуметтік төлемді қалпына келтіру үшін негіз болып табылатын құжатты , соның ішінде ақпараттық жүйеден мәліметті ұсынған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде бала бір жасқа толған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қалпына келтіру мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылған мән-жай тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және (немесе) балаға қамқоршы тағайындалған жағдайда баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүргізіледі.

Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіруге негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған ЭІМ дайындау және жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 9–13-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

17. Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:

1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тоқтатылған;

2) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушыға мерзімсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектік тағайындалғаны туралы мәлімет түскен;

3) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен;

4) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушыға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған;

5) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушыға отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайындалған жағдайларда тоқтатылады.

Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде тоқтатылады.

Бұл ретте жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатуға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған ЭМД дайындау және жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтату туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 9–13-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

 

4-тарау. Жұмыс берушінің субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі

18. Уәкілетті орган қабылдаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешімдердің негізінде субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін істердің электрондық макеттерін ОДҚ-ға қоюды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жүзеге асырады.

19. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға арналған бюджеттік қаражатқа қажеттілікті Мемлекеттік корпорация төлем айының алдындағы айдың 25-күніне қалыптастырады және ОАО-ға ұсынылады.

Төлейтін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар одан кейінгі айларға қосылуға тиіс.

20. ОАО тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жібереді.

21. ОАО жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.

22. Мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға арналған бюджет қаражатын алып, төлем тапсырмаларын қалыптастырады және субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын кейіннен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының дербес зейнетақы шотына есептеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.

Бұл ретте, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару тиісті кезең (ай (айлар) және жыл) көрсетіле отырып, Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді төлеген айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.

23. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген жағдайда ОДҚ-да автоматты режимде өзгерістер жүргізіледі.

24. Қаражат артық аударылған немесе субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін белгілеу және оларды аудару кезінде жіберілген қателіктер табылған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді 10-қосымшаға сәйкес электрондық түрде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

25. Мемлекеттік корпорация қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға электрондық түрдегі өтінімді бес жұмыс күні ішінде қалыптастырады. Өтінімде: салымшының (бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, қайтаруға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшері және қайтару себебі көрсетіледі.

26. Мемлекеттік корпорация қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық түрде жібереді.

27. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық түрде Мемлекеттік корпорациядан қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді алысымен, оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.

28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берішінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды Мемлекеттік корпорацияның қате аударылған, субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға электрондық түрдегі өтінімде көрсетілген субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына іс жүзінде енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып төлем тапсырмасымен жүргізеді.

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

1-қосымша

 

нысан

Коды ___________________________

Облыс (қала)_________________

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

20__ ж. «__» _________ № ___________ шешімі

 

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы

1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ ж. «___» _______________ бастап 20__ ж. «___» __________ қоса алғанда ________________________

________________________________________ теңге сомасында белгіленсін.

 (сомасы цифрлармен және жазбаша)

Тегі __________________________________________________________

Аты _____________________________________________________________

Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________

ЖСН_____________________________________________________________

Туған күні ____________________________________________________

                                            (күні, айы, жылы)

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға жүгінген күн 20__ ж. «___» _______________

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындалған күн 20__ ж. «___» ___________

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса алғанда _______________ (_____________________________________________) теңге

(сомасы жазбаша)

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің тағайындалған мөлшері ________________ ж. бастап __________________ ж. қоса алғанда ___________ (_________________________________________________) теңге

(сомасы жазбаша)

2. __________________________________________________________________

(негіздеме: себебі көрсетілсін)

___________________________________________________________________

себебі бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылсын.

 

Департамент басшысы ____________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________________

                                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Маман _______________________________________________________

                                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Шешімнің жобасын дайындаған:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының маманы____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің басшысы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің маманы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

2-қосымша

нысан

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік

субсидияcының мөлшерін белгілеу туралы

№ ______ хабарлама

20__ ж. «___» ____________

Азамат (ша)____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Туған күні _____ ж. «___» _____________

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы 20__ ж. «___» _____________ № _______ шешім

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ ж. бастап _________________________________

 (_______________________________________________) теңгені құрайды.

(сомасы сандармен және жазбаша)

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған

____________________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

3-қосымша

 

нысан

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тарту туралы

№ ______ хабарлама

20__ ж. «___» ____________

Азамат (ша)____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Туған күні _____ ж. «___» _____________

Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылды:_____________________________________________

                                                    (негіздеме: себебі көрсетілсін)

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған

____________________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

4-қосымша

 

нысан

 

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін аударуды тоқтата тұру туралы

№ ______ хабарлама

20__ ж. «___» ____________

 

Азамат (ша)____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Туған күні _____ ж. «___» _____________

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын аудару

___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

(негіздеме: себебі көрсетілсін)

себебі бойынша тоқтатылды.

Осыған байланысты Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

____________________________________________________________________

(құжаттар көрсетілсін)

 

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған

____________________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

5-қосымша

 

нысан

 

Хабарламалар журналы

_____________________________________________

(төлемнің түрі)

Мемлекеттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша

 

Р/с №

 

ЖСН

 

Т.А.Ә.

 

Туған күні

 

Істің №

 

Төлемнің түрі

 

Хабарлама табысталған күн

 

sms-хабарландыру жіберілген күн

Телефон №

Маман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

6-қосымша

 

 

нысан

Коды ___________________________

Облыс (қала)_________________

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

20__ ж. «__» _________ № ___________ шешімі

 

Субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ______________________________ теңге сомасында аудару 20__ ж. бастап

(сомасы сандармен және жазбаша)

тоқтатыла тұрсын.

Тегі__________________________________________________________

Аты____________________________________________________________

Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

ЖСН______________________________________________________________

Туған күні______________________________________________________

Негіздеме ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

(себебі көрсетілсін)

 

Департамент басшысы ____________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________________

                                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Маман _______________________________________________________

                                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Шешімнің жобасын дайындаған:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының маманы____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің басшысы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің маманы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

7-қосымша

нысан

Коды ___________________________

Облыс (қала)_________________

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

20__ ж. «__» _________ № ___________ шешімі

 

Субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ______________________________ теңге сомасында аудару 20__ ж. бастап

(сомасы сандармен және жазбаша)

қалпына келтірілсін.

Тегі__________________________________________________________

Аты____________________________________________________________

Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

ЖСН______________________________________________________________

Туған күні______________________________________________________

Негіздеме ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

(себебі көрсетілсін)

 

Департамент басшысы ____________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________________

                                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Маман _______________________________________________________

                                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Шешімнің жобасын дайындаған:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының маманы____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің басшысы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің маманы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

8-қосымша

 

нысан

 

АНЫҚТАМА

 

Төлеушінің атауы ______________________________________

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің орналасқан жері

_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________

________________________________________________________________

Қызметкердің ЖСН  ________________________________________________

Бала күтімі бойынша жалақы сақталмайтын демалыс туралы бұйрықтың нөмірі және күні____________________________________________________

____________________________________________________5 % жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару

_________________________________________________________________

 (негіздеме көрсетілсін: сыйлықақы, материалдық көмек берілді және т.б.,) негіздемесі бойынша _____________________________________________________________

 (төлем тапсырмасының күні және нөмірі көрсетілсін)

сәйкес 20__ ж. _________________ жүргізілді.

   (кезеңі (ай, айлар) көрсетілсін)

Анықтама Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін берілді

 

Басшы ______________    _____________________________

                             (қолы)                               Т.А.Ә.

Бас бухгалтер _________   ______________________________

                                 (қоры)                           Т.А.Ә.

 

 

Берілген күні: «_» ___________ 20 ___ жыл

Ескертпе: ________________________________________________________

                             (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Ұялы телефон нөмірі ________________________________________

Күні _____________________

Өтінім берушінің қолы _______________________

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

9-қосымша

 

нысан

Коды ___________________________

Облыс (қала)_________________

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

20__ ж. «__» _________ № ___________ шешімі

 

Субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ______________________________ теңге сомасында аудару 20__ ж. бастап

(сомасы сандармен және жазбаша)

тоқтатылсын.

Тегі__________________________________________________________

Аты____________________________________________________________

Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

ЖСН______________________________________________________________

Туған күні______________________________________________________

Негіздеме ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

(себебі көрсетілсін)

 

Департамент басшысы ____________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Басқарма (бөлім) басшысы ________________________________________

                                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Маман _______________________________________________________

                                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Шешімнің жобасын дайындаған:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының маманы____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің басшысы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бөлімінің маманы _____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

 

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтiк

төлемдерді алушыларға

жұмыс берушінің міндетті

зейнетақы жарналарын

субсидиялау қағидаларына

10-қосымша

 

нысан

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарыныңқате аударылған сомаларын қайтаруға өтінімі

 

1. Субсидиялауға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің деректемелерi:

Атауы____________________________________________________

БСН ____________________________________________________________

БЖК _________________________ ЖБК__________________________________

2. Қателер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері

___________ күні «____»______________ 20 _____ жыл

Төлем тапсырмасының жалпы сомасы____________________________________

3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары субсидияларын алушының деректемелері

___________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары субсидияларын алушының ЖСН_______________________________________________________________

Салым сомасы, кезең _____________________________________________

Қайтаруға жататын сома, кезең

4.___________________________________________________________________

байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкіндігі жоқ.

Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

____________________________________________________________________

(кәсіпорынның толық деректері, барлық банк деректемелері көрсетіледі)

(басшының қолы)________________________________________________

(бас бухгалтердің қолы) __________________________________________

М.О. ____________________________________________________________

                                                          (күні)

Бөлімдер:
28 мамыр, 2019 - 14:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші