You are here

Еңбекминінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды

жұмыс тобы

Сәрсенбі, 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау, Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылардың және бастамашы топтардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының қатысушылары көпбалалы отбасылармен, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтары көтерген бірқатар проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарастырды.

Мемлекеттік органдардың басшылары аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, бастамашылық ұсыныстар айтылды, оларға қосымша қаралғаннан кейін жауаптар мен түсініктемелер берілетін болады.

Табысты арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобы өз жұмысын жалғастырады.

13 маусым, 2019 - 09:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші