check

You are here

Кезекті еңбек демалысы туралы

Саламатсыз ба?  Қызылорда  облысы  Арал  ауданы  №64  орта  мектепте  тәлімгермін.  Нақты  тәлімгердің  кезекті  ақылы  демалыс  күнімді  есептеп  бересіз бе?  Нақты  тәлімгер  күні  керек?  Еңбек  ақым  В3 пен  немесе  В2  мен  төлену  керек пе? Нақты  тәлімгерге  сәйкес  айтасыз ба?  Алдын  ала  рахмет.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі тәлімгер санатына қарай В3 блогы бойынша;
- біліктілігі орташа деңгейдегі тәлімгер санатына қарай В4 блогы бойынша анықталған.
Осыған орай, тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу оның біліміне және санатына қарай жоғарыда жазылғанға сәйкес анықталады.

Сонымен бірге «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 53-бабына сәйкес:
- орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн;
- оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс беріледі.
Бұл ретте педагог қызметкерлері лауазымдарының тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысымен бекітілген, оған сәйкес педагог қызметкерлер қатарында тәлімгер көрсетілмегенін атап өтеміз.
Осыған орай ҚР Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес Сізбен аталған тәлімгерге (егер азаматтық қызметші болып табылса) ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі деп есептейміз.
Сонымен бірге жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әзірлеушісі, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша ресми ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 361446
27 маусым, 2019 - 17:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші