check

You are here

бас есепшіге айлықақы төлеу туралы

Түркістан  облысы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Жумакыз Аширхановна Атамкуловаға еңбекақысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығына сәйкес 2-буын 3-саты бойынша есептелген. Алайда Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің" 2 қосымшасына сәйкес бас есепші лауазымы әкімшілік персоналға С-2 санатына жатқызылған. Осы заңнамалардың қайсысы дұрыс және қай санаты бойынша бас есепшіге еңбекақы есептелуі тиіс? 

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес:
- республикалық маңызы бар мемлекеттік мекеме (ММ) және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (МҚК) бас бухгалтері - А2-1;
- облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері - А2-2;
- аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері А2-3 буыны бойынша анықталған.
Осыған орай әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бас есепшіге еңбекақы төлеу басқару жауапкершілігінің деңгейіне қарай А2 буыны бойынша анықталады.
Бұл ретте аталған лауазым мен оның атқаратын функционалдық міндеттері сәйкес болуы қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес бас бухгалтерге қойылатын біліктілік талаптары: бухгалтерия қызметкерлеріне басшылық етеді, яғни қарамағында бухгалтерлер болуы талап етіледі.

Сұрақтың нөмірі: 361933
17 шілде, 2019 - 17:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші