You are here

Тәуекелді басқару және еңбек саласындағы профилактиканың жаңа шарттары

Тәуекелді басқару және еңбек саласындағы профилактиканың жаңа шарттары

Соңғы уақытта еңбек саласында жаңа тәуекелдерді зерттеуге көп көңіл бөлініп келеді. Зерттеушілер өндірістегі жазатайым оқиғалардың, әсіресе кәсіптік аурулардың пайда болуының жаңа тенденцияларын бақылау және болжау жұмыстарымен айналысуда. 
Мәселен, жақында Еуропалық тәуекелдер обсерваториясы Еуропа одағы жұмыс орындарындағы жаңа қауіптер туралы зерттеу жариялады. 
Кәсіптік тәуекелдердің пайда болуы техникалық жетілдірулерден немесе әлеуметтік және ұйымдастырушылық өзгерістерден туындауы мүмкін, мысалы:
- нанотехнология, биотехнология сияқты жаңа технологиялар мен өндірістік процестер; 
- жаңа еңбек жағдайлары, мысалы: жұмыс көлемінің артуы, штат қысқаруына байланысты қарқынның артуы, еңбек миграциясы үшін нашар еңбек жағдайы, экономиканың бейресми секторында жұмыс істеу;
- жаңа жұмыс түрлері, мысалы: өзін-өзі жұмыспен қамту, аутсорсинг, уақытша келісімшарттар.
Елімізде жұмыс орнындағы қауіп-қатерді азайту мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. 
Жұмысшылардың ағзасына зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі жұмысшыларда кәсіптік аурудың пайда болуына алып келеді.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы кәсіпорындарда тексерістен өткен 1,6 миллион жұмысшының 373 мыңы немесе әр төртіншісі (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасаған.

Шамамен әрбір екінші жұмысшы (45,4%) шу мен дірілдің жоғары көрсеткіш жағдайында жұмыс істеген. Ал әрбір үшінші жұмысшы (34,4%) газдың ластануы мен шаңның әсері бар жерде еңбек еткен.
85,2 мың адам ауыр физикалық еңбекпен шұғылданған (сауалнамаға қатысқан кәсіпорын қызметкерлерінің 5,1%-ы). 
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс орындарын қысқарту кезеңінде 941 өндірістік нысан аттестциядан өтті. 
2018 жылғы аттестция нәтижесі бойынша, 676 мың қызметкерге зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасағаны үшін 116,3 млрд теңге көлемінде түрлі өтемақы төленді. 
Жоғарыда айтылғандай, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жұмыс берушінің өзіне экономикалық жағынан тиімді. Ал қызметкер өз кезегінде тұрақты түрде жұмыс мәдениетін жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіподақтар әлеуметтік диалог арқылы жұмыс беруші үшін де, қызметкер үшін де қауіпсіз орта құруда жеке қызығушылықты дамытуы керек.

Темы мультимедиа: 
Бөлімдер:
9 тамыз, 2019 - 16:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші