check

You are here

«МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ аударылған ЖТД, және БЗЖҚ-дан ЗТ алушылардың БТ қалыптастыру қағидаларын, және ОАО мен БЖЗҚ-ның АЖ арасында ЖЗШ, ШЗШ бойынша қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» ЕХӘҚ министрі бұйрығының жобасы

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын, және Орталық атқарушы орган мен бірынгай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары  аударылған жеке тұлғалардың деректер базасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.

2. «Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушы С.К. Жақыпованың 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15629 тіркелген, 2017 жылғы 14 қарашада «Казахстанская правда» газетінде № 219 (28598) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә.Сарбасовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

      Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

               қорғау министрі                                                                 Б. Сапарбаев

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

                                                 2019 жылғы «    »

№      бұйрығына

1-қосымша

 

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімін қалыптастыру қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың деректер базасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

  1. шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі – ШЗШ) – Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атынан ашылған шот, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары түсетіндігі және өзге де түсімдер есепке алынатындығы туралы мәлімет, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәлімет;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – МЗЖ (МКЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар бойынша "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ-дағы мәліметтер;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлғалар бойынша ОАО ААЖ-дағы  мәліметтер;

7) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;

8) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;

9) жұмыс берушініңі міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБ МЗЖ) – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына агентттердің жеке қаражаты есебінен аударылған ақша;

10) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

11) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

12) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған ААЖ.

3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.

 

2-тарау. МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың біріңғай тізімін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімін қалыптастыру тәртібі

 

  1. ЖТБТ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес БЖЗҚ-дан шартты түрде алынған МЗЖ (МКЗЖ) есепке алу бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы мәліметтер (бұдан әрі – ЖЗШ) негізінде қалыптастырылады.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың біріңғай тізімі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлғалар бойынша ОАО ААЖ-дағы мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

6. ЖТБТ әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай:

1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы;

3) жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні және нөмірі өзгергені туралы;

4) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашылғаны немесе жабылғаны туралы;

5) ЖБМЗЖ есепке алу бойынша ШЗШ ашылғаны немесе жабылғаны туралы;

6) салымшының (алушының) деректемелері, мәртебесі өзгергені туралы дербестендірілген деректерді қамтиды.

6. "ТӨҰ" ААЖ күнделікті негізде дерекқорды жаңарта отырып, ЖТБТ қалыптастырады.

7. "ТӨҰ" ААЖ күн сайын салымшылардың (алушылардың) ЖТБТ-дағы дербес деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді, айырмашылықтар анықталған жағдайда оларды "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы деректермен сәйкестікке келтіреді.

8. Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ төлеу бойынша агенттерден, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардан МЗЖ түскен кезде "ТӨҰ" ААЖ күн сайын салымшылардың (алушылардың) дербес деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы деректерге сәйкес келмеген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын (жеке бастарын) куәландыратын қолданыстағы құжат (құжаттар) болған жағдайда Мемлекеттік корпорация агенттер аударған МЗЖ туралы деректерді БЖЗҚ-ға жолдайды.

Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік дерекқорындағы деректерге сәйкес келмеген, соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация МЗЖ сомаларын қайтару себебін көрсете отырып оларды агентке қайтарады.

 

3-тарау. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру тәртібі

9. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ бойынша дерекқоры ЖТБТ негізінде қалыптастырылады және әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай деректерді қамтиды:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы;

3) жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні және берген орган;

4) ЖЗШ ашылған күнін көрсете отырып, МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ-ның ашылғаны туралы ақпарат;

5) ШЗШ ашылған күнін көрсете отырып, ЖБМЗЖ есепке алу бойынша ШЗШ-ның ашылғаны туралы ақпарат;

6) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ-ның жабылу себебі мен күнін көрсете отырып, ЖЗШ-ның жабылуы туралы ақпарат;

7) ЖБМЗЖ есепке алу бойынша ШЗШ-ның жабылу себебі мен күнін көрсете отырып, ШЗШ-ның жабылуы туралы ақпарат;

8) аударылған МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес оларды қайтару туралы ақпарат, , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «   »  ________ № ___ қаулысымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері;

9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, МЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттер туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «   »  ________ № ___ қаулысымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері;

10) салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы ақпарат;

11) салымшының (алушының) мәртебесі өзгергені туралы ақпарат.

12) салымшының (алушының) туған жері, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы.

10. Салымшының (алушының) дербес деректері өзгергені туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру ЖТБТ-ға өзгерістерді енгізген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-ларының өзара іс-қимылы туралы келісімде айқындалған электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп бір салымшыда (алушыда) МЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның және (немесе) ЖБМЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ШЗШ-ның және (немесе) МКЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның болуын қамтамасыз етеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

                                                 2019 жылғы «    »

№      бұйрығына

2-қосымша

 

 

Орталық атқарушы орган мен бірынгай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 8) тармақшасына, 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы ақпаратпен алмасу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;

5) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – Мемлекеттік корпорация МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастыратын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі;

6) Келісім – ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын орталық атқарушы орган мен БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім;

7) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;

8) жұмыс берушініңі міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБ МЗЖ) – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына агентттердің жеке қаражаты есебінен аударылған ақша;

9) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

10) шартты зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атынан ашылған шот, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары түсетіндігі және өзге де түсімдер есепке алынатындығы туралы мәлімет, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебіен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәлімет;

11) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.

2-тарау. Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шарттары бойынша қозғалыстар туралы ақпаратпен алмасу тәртібі

4. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында ақпарат алмасу Келісімнің негізінде еркін нысанда жүзеге асырылады.

5. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында алмасуға мынадай:

1) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары, ЖБМЗЖ есепке алу бойынша шартты зейнетақы шоттары;

2) түскен (қайтарылған) МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;

3) салымшылардың (алушылардың) дербес деректері өзгергені туралы;

4) МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары туралы және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу кезінде қажет БЖЗҚ-дан алушыға жүргізілген бірінші зейнетақы төлемінің күні, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары арасындағы сомалары және жинақталған зейнетақы сомасы туралы (сұрау бойынша беріледі);

5) сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы және сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы туралы;

6) салымшының (алушының) мүгедектік тобын, белгіленген күнін және мерзімін мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында растау туралы;

7) МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күнге есептелген инвестициялық табыс сомалары туралы;

8) БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдардың мөлшерлері туралы мәліметтерді қамтиды.

9) ОАО-ның салымшыларға (алушыларға) жәрдемақыларды тағайындау негіздері туралы (салымшыда (алушыда) зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде стандартты салық шегерімдерін қолдану құқығы болған кезде);

10) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті Мемлекеттік корпорацияда тіркеген МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылар туралы ақпарат жатады.

6. Осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалған мәліметтерді беру Келісімге сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

7. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған мәліметтермен алмасу күнделікті негізде жүзеге асырылады.

8. БЖЗҚ күн сайын Астана қаласының ағымдағы күнгі уақыты бойынша 23 сағат 30 минуттан кешіктірмей ОАО ААЖ-ға осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді жібереді.

ОАО ААЖ мәліметтер түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға мәліметтерді алғаны туралы электрондық хабарламаны және жіберілген (алынған) мәліметтер бойынша салыстырып тексеру хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) жолдайды.

ЖТБТ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді толықтырудан бас тартылған жағдайда Хаттамада бас тарту себебі көрсетіле отырып зейнетақымен қамсыздандыру туралы өзектендірілмеген шарттар бойынша ақпарат қамтылуға тиіс.

9. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді беру ЖТБТ-ға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Келісімге сәйкес ОАО ААЖ-дан БЖЗҚ-ға жүзеге асырылады.

БЖЗҚ салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ ААЖ-ға өзгерістер енгізеді.

Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында олардың ОАО ААЖ-дағы мәртебелерін ескере отырып салымшылардың (алушылардың) дербес деректерінің сәйкес келуіне салыстырып тексеру жүргізіледі.

10. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді ұсынады.

11. Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ОАО ААЖ-ға беруді БЖЗҚ әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен (он бесі) кешіктірмей Келісімде белгіленген форматта жүзеге асырады.

12. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы мәліметтерді, соның ішінде ағымдағы жылы Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толатын және БЖЗҚ-да МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты қалыптастырады және ОАО-ға ұсынады.

13. Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді БЖЗҚ ОАО ААЖ-ға күн сайын Келісімде белгіленген нысанда береді.

14. Осы Қағидалардың 5-тармағының 6), 10) және 11) тармақшаларымен белгіленген ОАО ААЖ-мен БЖЗҚ арасындағы мәліметтер алмасу Келісімде белгіленген форматта және мерзімде жүзеге асырылады.

ТіркемеМөлшер
Package icon proekt_-_kaz.zip36.38 KB
Бөлімдер:
13 тамыз, 2019 - 19:20 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші