check

You are here

«Еңбек жолы» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды

Еңбек жолы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында (enbek.gov.kz) 2019 жылы үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларын анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды.

Байқаудың соңғы кезеңіне Қазақстанның 17 аймағынан 51 үміткер өтті. Дауыс беру нәтижелері бойынша республикалық комиссия «Еңбек жолы» байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарын анықтайды:

- «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттары бар көптеген әулет;

- «Үздік жас өндіріс қызметкері» - 5 жылдан артық емес жұмыс өтілі бар ең белсенді және еңбекқор өндіріс қызметкері;

- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер.

Онлайн дауыс беру 2019 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік инновациялар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына барар жол» атты республикалық форумда өтеді.

Учитывая значимость каждого голоса, Министерство труда и социальной защиты населения РК призывает всех граждан Казахстана принять активное участие в онлайн голосовании конкурса «Еңбек жолы».

Әр дауыстың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық азаматтарын «Еңбек жолы» конкурсының онлайн дауыс беруіне белсенді қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек Жолы» байқауы 2016 жылы құрылған. Оған еңбек әулеттерінің өкілдері, бастамашыл жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері қатыса алады.

10 қазан, 2019 - 18:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші