check

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

         С-О-5 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 1

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

108,305

146,177

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., 308 Қызыл тулы полк көшесі, 37 үйі, анықтама телефоны: 8(7152) 42-40-90, факс 8(7152) 42-34-33, электрондық поштасы depsocsko@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялайды:

                                                                      

1.  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы –   (С-О-5 санаты, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:

Мүгедектер мен ауруларды мүгедектік топтары себептерінің және мүгедектік тобын, еңбек қабілетінен айрылу деңгейін,  мүгедектіктің, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мерзімі мен уақытын белгілеу үшін куәландыруға қатысады. Денсаулықсақтау ұйымдарының дәрігерлерімен бірге мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) дайындайды. Заңнамалық актілердің, ҚР Президентінің Жарғыларының, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, басқа да құқықтық нормативтік актілердің, ҚР ЕХӘҚМ бұйрықтарының, Министрлік басшылығының, Департамент басшылығының бұйрықтарының уақытында орындалуын ұйымдастырады. МӘС және мүгедектерді оңалтуға қатысты бағдарламалардың және басқа да құқықтық нормативтік актілердің жобаларын дайындауға қатысады.  МӘС жетілдіру бойынша  ұсыныстарды дайындауға қатысады. МӘС бөлімдерінің мамандарына, денсаулықсақтау мамандарына МӘС мәселелері бойынша және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Тұрғындар арасында және ұйымдарда (мекемелерде, кәсіпорындарда) МӘС және мүгедектерді медициналық-әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізеді. Денсаулық сақтау ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен (мекемелермен, кәсіпорындармен) мүгедектерге оңалту іс-шарасының (ОЖБ сәйкес) өткізілуіне бақылау жасайды. Мүгедектікті алғаш рет белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау бойынша композиттік қызмет көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медицина) бейіні бойынша.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz.

 

_________________________________

              (мемлекеттік орган)    

                            

 

Өтініш

 

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

     

 

__________                                                                 ____________________________________

   (қолы)                                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

     

 

«____»_______________ 20__ ж.

15 қазан, 2019 - 18:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші