Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, әріптестер!
Бүгінгі күні ел экономикасында 6,6 млн.-ға тарта жалдамалы жұмыскер жұмыс істеуде, белсенді жұмыс істеп тұрған 165 мың кәсіпорын бар. Бұл азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу қай қоғамның болса да өзекті мәселесі болып табылады.
Өздеріңізге белгілі, Дүниежүзілік экономикалық форум «еңбек нарығының тиімділігін» жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс тізбесіне енгізіп, жыл сайын жұмыс берушілер арасында тәуелсіз сауалнама жүргізіп келеді.