You are here

Министрліктің жаңалықтары

ҚР Еңбекмині

Сенбі, 20 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс кеңесін өткізді.

Борыш жүктемесін азайту бойынша жиі қойылатын сұрақтар

1. Борыш жүктемесін азайтуға кім құқылы?

Төменде көрсетілген санаттағы борышкер азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін азайтуға құқығы бар (2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша):

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 17 шілдеде Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу мәселелеріне қатысты нормаларды енгізуге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Парламент Мәжілісінің депутаттарының түзетулерін қарау үшін қоғамдық талқылау өткізді.

кеңес

Атырауға жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген әлеуметтік-еңбек саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

тағайындау

Дүйсенбі, 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды.

Министр Т. Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.

кездесу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясының Бас директоры Эдвин Бломмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталуы, соның ішінде шетелдік мамандарды тарту, сондай-ақ кәсіпорынның көпбалалы және аз қамтылған қызметкерлеріне қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

хабарландыру

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 17 шілдеде Әлеуметтік қызметтер порталын енгізуге арналған нормаларды енгізуге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Парламент Мәжілісі депутаттарының түзетулерін қарау үшін қоғамдық талқылау өткізуді жоспарлап өтетінін хабарлайды.

Шымкент

Шымкентке жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Еңбек министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын 291 мың отбасы немесе 1 миллион 450 мың адамға 87 млрд. теңге төленді. Бұл ретте АӘК алушылардың 38% -ы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары.

кеңес

Бейсенбі, 11 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркістан облысы Арыс қаласының ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесті

Ардагерлермен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде Арыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

ҚР Еңбекмині

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр Нариман Мұқышев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, Министрліктің орталық аппараты, қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Бейнеконференциялық байланыс режимінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері мен  жұмыспен қамту басқармаларының басшылары қатысты.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші