check

You are here

Құрметті Министр мен көп балалы әкемін. Президентіміздің №34 жарлығына сәйкес қыркүйек айының басында халықтың несиелерін кешірген кезде тізімнен болған жоқпын. Содан кейін біз неке куәлігімізді цифрландырып 26-қыркүйек күні 111 нөмеріне хабарласып көпбалалы отбасы ретінде тіркелдім, 1 айдан кейін тізімге кіресі

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 364535
24 қазан, 2019 - 14:00 өзгертілді

Мен, Уксикбаев Нуркабыл Минажадинович "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған , 2-топ мүгедегі 08.08.1974 жылы туылған қарындасым Уксикбаева Лаура Минажадиновнаға қорғаншымын аудан әкімінің қаулысы бойынша, алайда, базада ол туралы ақпараттың жоқтығынан 26.06.2019 жылғы ҚР президентінің №34 жарлығына ілікпей қалдым. Сол себепті сандық ақпараттық жүйеге қандай орган ендіретінін жазып жіберсеңіздер жақсы болар еді. Мен тұрғылықты жерім бойынша АХАЖ, ГЦВП, ХҚКО, әлеуметтік бөлімге барып едім, олар барлығы да біз оцифровать етпейміз деп шығарып салды.

Жауап: 

Без Ответа

Менің ұлым Сайлаубай Бекболат 2004 жылы дүниеге келген, оқитын орыны Орта мектеп Гимназиясы Үшқоңырда 9 сыныпта оқиды, ал өзім Алатау ауданы Шаңырақ 1 ықшам ауданы, Егемен 33 үйде тұрамын қолымда 1 жастан асқан кіші ұлым және мектепке 2 сыныпта оқитын ұлым, бала бақшаға баратын 4 жастағы қызым бар. Үлкен ұлым Сайлаубай Б. Үшқоңырда бұрыңғы күйеуімнің анасының үйінде 5 күн тұрып оқиды ал сенбі, жексенбі күндері үйге келеді, қалған 3 айлық демалыста және тоқсандық демалыстарда да үйде болады. Ол мектебін қалалық мектептерге ауыстырғысы келмейді, өйткені 2 жыл ғана уақытым қалды деп отыр.

Жауап: 

Без Ответа

Мен egovkz сайтындағы "МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТАУ" қызметі бойынша анықтағанда "жалданушы жұмыскер" (социальный статус "наемный работник") деп ескі мәлімет берді. Ал мен 2018 жылдың 7 мамыр күнінен жасыма байланысты зейнеткермін. Ол менің egovkz порталындағы жеке кабинетімде де көрсетіліп тұр. Сіздерден әлеуметтік мәртебемді жаңартуды өтінемін.

Жауап: 

Қайырлы күн!
2019 жылғы 26 маусымда электрондық үкімет порталында Сіздің ЖСН бойынша әлеуметтік статусыңыз «жалдамалы жұмыскер» статусынан «әлеуметтік төлем алушы» статусына ауыстырылды. Бұл ретте, «әлеуметтік төлем алушы» әлеуметтік статусына зейнеткерлер жататынын атап өтеміз.

Менің анам зейнетке 2017 жылы қазан айында шықты. Бірақ еңбек өтілі дұрыс есептелмей тұр, 1998 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықты зейнетақы аударымдарымен есептегендіктен толық шықпай тұр, зейнет.сы  айсайын түспеген,стажы аз болып қалды. не істеуге болады? ол кісі  31 жыл еңбек етті, бірақ зейнетақысының уақытында түспегендігінің кесірінен стажы аз болып қалды. осындай жағдайда қандай әрекет жасауға болады?  түспеген барлық  зейнетақыға   бухгалтер  анықтама расифровкасымен жасап берсе толық 1998-2017 жылдың аралығын қабылдайсыздарма?

Жауап: 

Құрметті Еркин Сактапбергенович! Қазіргі таңда «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасымен дәлелденеді. Осыған орай зейнетақы қорына уақытылы аударылмаған зейнетақы жарналарын бойынша жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынуы қажет.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 62-бабы 2 тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талап етуі бойынша, өтінішпен жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде мамандығы (біліктілігі, лауазымы), жұмыс істеген уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтаманы, жұмыскердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.
Еңбек кітапшасын жоғалтыбалған кезде, жұмыскер бұрынғы жұмыс берушіне хабарласады мәліметтерді толтыру үшін.

Ассалаумағалейкум. Менде мынандай сұрақ сіздерге туындап отыр: Алла бұйыртып 3 балам дүниеге келді. Балаларымның жастары 6 мен 3те. Жұбайым жұмыссыз. Менің қолыма алатын айлығым 114 000 теңге. Пәтерді жалға алып тұрамыз. Осыған байланысты туылған баланың әкесі ретінде "баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақысының" құжаттарын өз атымнан тапсыруға болады ма? Жәрдемақыны жұмыс істеп жүріп 12 ай бойы ала беруге болады ма?

Рахмет!

Жауап: 

Құрметті Даке!
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге ата-анасының таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Ал, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты қатынастар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттелген.
Бұл ретте әлеуметтiк қатер туындаған жағдайда, яғни еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады.
Аталған Заңның 23-2 бабына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушыларға тағайындалады.
Яғни бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы ол анасының немесе әкесінің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс алған кезінде туындайды.
Осыған орай Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселесі туралы нақты мәліметтер алу үшін тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша Қордың филиалынан немесе (www.gfss.kz) сайтынан кеңес алуыңызға ұсыныс береміз.

Саламатсыз ба!  Бізге 2002 ж әкімшілік шешімімен бюджеттік және қызметтік пәтерді  Жаңаөзен әкімшілігі берді. Комиссия шешімі қалдық құнымен жекешелендіруге де шешімін шығарды. Өзім мектепте 23 жыл еңбек өтілім бар, екі балам бар. Бұл үй нольдік қалдық құнымен әкімшілік балансында тұр. Үй 1972 ж (тех.паспорт бойынша)   салынған.  Бізге шешімді 2002 ж берген. Үйдің нарықтық бағасын шығарып , 3 331 000 т  деп бағалады. Қалдық құнын шығарды ол да 3290 000 т.   болып түр. Сондағы айырмашылығы 41000т . Үй 1972 ж салынған болса, жертөленің жағдайы мүмкін емес, апта сайын трубалар жарылып жатады.

Жауап: 

Құрметті Рабига!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Сіздің көтеріп отырған мәселеңіз жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестiредi.
Осы орайда, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке хабарласу қажет екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359187
3 сәуір, 2019 - 19:52 өзгертілді

Саламатсыз ба!  Бізге 2002 ж әкімшілік шешімімен бюджеттік және қызметтік пәтерді  Жаңаөзен әкімшілігі берді. Комиссия шешімі қалдық құнымен жекешелендіруге де шешімін шығарды. Өзім мектепте 23 жыл еңбек өтілім бар, екі балам бар. Бұл үй нольдік қалдық құнымен әкімшілік балансында тұр. Үй 1972 ж (тех.паспорт бойынша)   салынған.  Бізге шешімді 2002 ж берген.

Жауап: 

Құрметті Рабиға Ордабаевна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiру шарттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңымен реттелген.
Осыған орай, көтерілген мәселелер бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке хабарласу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 358946
14 наурыз, 2019 - 17:50 өзгертілді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлерге базалық зейнетақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Әрбір зейнеткер жұмыс өтіліне қарай алатындығы кестеде көрсетілген. Соның нәтижесінде 15427 теңгеден 28284 теңгеге дейін өсірілді. Бұл жүйе 3 млнға жуық зейнеткерлердің отбасылық кірісін молайтты. Өте әділ жасалған. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста зейнетке шыққан көпбалалы "Күміс Алқа" және "Алтын Алқа" марапатталған аналарға тек ынтымақты зейнетақы тағайындалып базалық зейнетақы төленбейді. Неге ?

Жауап: 

Құрметті ЕРБУЛАН ИВАНОВИЧ!

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңына сәйкес 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл ретте әйелдер үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жиырма жыл еңбек өтілі талап етіледі.
Егер талап етілген еңбек өтілі болмаған жағдайда жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.
Ал, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі азаматтарға жалпы зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалады (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2019 жылдың 1 қаңтарына - 59 жасқа толғанда)
Осыған орай, 53 жаста зейнеткерлікке шыққан азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әйелдерге арналған жалпы зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалатын болады.

Сұрақтың нөмірі: 358925
12 наурыз, 2019 - 15:31 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші