X
egov

You are here

министрлік үйі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері біркүндік жалақыларын Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Қостанай облыстарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек қорына аударды.

Тегтер:
жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында, 2016 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қолдау шаралары жұмыссыздар (43 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (29,2 мың адам) қатарындағы 72 мың 176 адамға көрсетілді. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 83,4%-ы.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында   іске асырылып жатқан жобаларға 12 мың 956 адам жұмысқа орналасты;

ардагерлер

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы (әрі қарай – ҰОС) ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді шараларды қолға алуда.

Қазақстанда, ағымдағы жылдың басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теңге қарастырылды (жергілікті бюджет -  971,3 млн теңге, демеушілік қаржы - 125,7 млн теңге).

еңбек

Бүгін, Алматы облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Шараға қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.

Өрлеу

ҚР ЕХӘҚМ өкілдері жыл аяғына дейін жергілікті атқару органдардың 500-ден астам қызметкеріне «Өрлеу» жобасын түсіндіру мен жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері бойынша оқу семинарларын өткізеді.

Тамара Дуйсенова

Бүгін Астана қаласындағы «Көрме» орталығында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) қолдауымен, Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай, еңбек қорғау және өнәркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» VIІ қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі өз жұмысын бастады.

Тегтер:
Тамара Дүйсенова

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Дүниежүзілік банк консультанты Жаклин Маццамен кездесіп, оның барысында «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасы аясында халықты жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту және даму мәселелері талқыға салынды.

Дүниежүзілік банк сарапшысы Жаклин Маццамен кездесу басында Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту орталықтарын (әрі қарай - ЖҚО) жаңғырту бойынша жүргізіп жатқан жұмыс жайлы әңгімеледі.

еңбек, еңбек қауіпсіздігі

2017 жылдың 1 сәуірінде, ел аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқыс оқиғалар салдарынан 342 адам зардап шегіп, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8%-ға аз екенін байқатты (2016 жылы – 401).

Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 43 адамды құрап, былтырғы ұқсас уақыт аралығына қарағанда 8,6%-ға төмен болды (2016 жылдың алғашқы тоқсанында – 47 адам).    

Жалпы, 2016 жылдың қорытындысында, өндірістегі оқыс оқиғалар қатары сиреді.

қоғамдық кеңес

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенованың төрағалығымен  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамының отырысы өтіп, оның қорытындысында 12 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді.

Қоғамдық кеңеске министрліктен: 

- ҚР ЕХӘҚМ жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева;

- ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарабасов;

С, Жақыпова

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындауға азаматтардан құжаттар қабылдау, жұмыссыз жандарды тіркеу әрі оларды әрі қарай еңбекпен қамту мәселелері бойынша кеңес беру жүргізілетін әлеуметтік қызметтер көрсетудің жаңа сектор жұмысын таныстырды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші