You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Саламатсыз ба?  Қызылорда  облысы Арал  ауданында  №64  орта  мектебінде  2006 жылдан  бастап  тәлімгер  қызметін  атқарып  келемін.  2017 жылы сәуір  айында  ІІ санатқа  өттім. Енді кезекті  ақылы  демалыс  күнімді  қалай  аламын, қанша күн екенін  анықтап  бересіздер ме?  Алдын ала  рахмет.

Жауап: 

Құрметті Ерболат Кеулимжаевич!

           

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 53 бабы 1 тармағыңын                     2 тармақшасына сәйкес ақы төленетін жыл сайынғы демалыс орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93 бабы 1 тармағына сәйкес  жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.

Еңбек демалысын беру мәселесінде мынаны ескеру қажет:

-           жұмыс стажы барларға (12 ай нақты жұмыс кезеңі болғанда) еңбек демалысы толық беріледі, егерде оның бөлуін қызметкердің өзі қалағаның және жұмыс берушінің келісімен қоспаған жағдайда;

-           егерде қызметкерде жұмыс стажы болмаған жағдайда, онда қызметкердің арызы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен қызметкерге аванспен еңбек демалысы немесе нақты жұмыс істелген уақыт үшін еңбек демалысының бөлігі берілуі мүмкін.

-           егерде еңбек қатынас тараптардың пікіріне сәйкес демалыс кестесінде басқаша белгіленбесе (бөліктерге бөлу немесе жұмыс істелген уақыт), жұмыс беруші өз еркімен міндеттеме алып бекітілген демалыс кестесі шеңберінде қызметкерге толық еңбек демалысын беруге міндетті.

Осылайша, қызметкердің жоғарғы санатқа өту жағдайы еңбек демалысының ұзақтығына әсерін тигізбейді.

Сұрақтың нөмірі: 361320
13 маусым, 2019 - 18:00 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Қызылорда обылысынан.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Сонымен бірге, «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілген.

Осыған орай, мемлекеттік органдар өндірістік қажеттілік мақсатында (еңбек шарты бойынша) мемлекеттік орган лимиті шегінде азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметшілермен бірге) жұмысқа қабылдай алады.

Егер мемлекеттік орган өз лимиті шегінде азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдай алмаған жағдайда, оған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді (еңбек шарты бойынша) жұмысқа қабылдау құқығы берілген.

Осыған байланысты, Бұйрыққа сәйкес жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылмайды, тиісінше Кодекстің 139-бабында айқындалған норма оларға таратылмайды, яғни кезекті еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

 

Сонымен бірге, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Осыған орай, аталған материалдық көмекті алуға экологиялық қасірет аймағында тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтардың құқығы бар.

 

Сұрақтың нөмірі: 361244
13 маусым, 2019 - 11:06 өзгертілді

 

Жауап: 

Құрметті Назкен Шынғысовна!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 127-1-бабының ережесіне  жүгінсек, экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер  егерде экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда жұмыскерлерге беріледі делінген.

Заңның 13-бабына сәйкес,  экологиялық қасірет аймағында  тұрып жатқан халыққа, тұрып жатқан аймақтарының санатына қарай, коэффициенттер қолданылатын еңбекақы төленеді, қосымша еңбек демалысы беріледі (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне), сонымен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердiң үстiне бiр айлық тарифтік ставка немесе қызметтiк айлықақы көлемiнде материалдық көмек көрсетiледi.

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 Қаулысына сәйкес, экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендер деп заң осы аймақта тұрып жатқан немесе бұрын тұрған азаматтарды таниды (6-8-баптар). Сонымен бірге, заңның 13-бабында көзделген өтемдер мен жеңілдіктер, азаматтар зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан, экологиялық қасірет аймағында тұрып жатқан бүкіл халық үшін әлеуметтік қолдау болып табылады. Заң шығарушы бұл жағдайда адамға өзі тұрып жатқан ортаның зиянды әсер етуін ескереді.

Бұл жағдайда екеретін жайт, көші-қон заңнамасының талабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен ҚР аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті. Бұл ретте, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алынуға (тіркелуге) жатпайды делінген (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген  Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына жүгінетін болсақ (13-тармақ).

Жоғарыда аталғанның негізінде Заңның 13-бабымен көзделген жеңілдіктер үшін Заңмен белгіленген экологиялық қасірет аймақтарында  тұратын және еңбек атқаратын қызметкерлерге қатысты (аталған аймақта вахталық әдіспен жұмыс атқаратындарға олардың заңды тіркелген мекен-жайына қарамастан) қолданылады.

Коэффициенттер және қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы Заңмен бекітілген экологиялық қасірет аумақтарында зардап шегу мәртемесіне қарай емес, онда еңбек қызметін жүзе асыратын жұмыскерге беріледі.

Мен Мамбетжанова Назкен Шынгысовна 1988 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл станциясында дүниеге келдім және осы ауданда 2004 жылға дейін тұрдым. Осыған орай Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 30-маусымындағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғау туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, экологиялық апат салдарынан зардап шеккен статусын алуға құқылы бола аламын ба және құқылы болған жағдайда айлық жалақымды есептеу барысында қандай коэффициент қолданылатындығын анықтап беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 127-1 бабына сәйкес экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қызылорда облысының Арал ауданының аумақтары экологиялық апат аймағына жатады.
Заңның 13-бабы 1-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
- экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5;
- экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3;
- экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 1,2 коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы белгіленеді.
Сонымен бірге, жұмыскердің еңбек қызметін жүзеге асыру кезеңінде осы аймақта нақты тұратындығы ескеріледі.
Өз еңбек қызметін Қызылорда облысының Арал ауданының аумақтарында жүзеге асыратын жұмыскерлерге экологиялық төлем экологиялық апат аймағы бойынша, яғни 1,5 (50%) коэффициенті белгіленеді.
Осыған орай, Заңның 13-бабына сәйкес аймақтар бойынша еңбегіне қосымша ақы төлеу, қосымша демалыс күнін беру және материалдық көмек алуға осы аймақта тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтардың құқығы бар.

Сәлеметсіздер ме?

Мен Кумекбаева Балжан Кадырбаевна "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету" бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Білімім жоғары, мамандығым "экономист ұйымдастырушы"

Жауап: 

«Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13922 болып тіркелген) 5 және 6-тармақтарына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамын ұйым басшысы бекітетін ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі біліктілік (аттестациялық) комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды.

Біліктілік (аттестациялық) комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

Осыған байланысты, бұл мәселе бойынша «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің біліктілік (аттестациялық) комиссиясына жүгінуіңіз қажет.

Жалпы бухгалтер лауазымында қызмет өтілі бөлімше меңгерушісі лауазымы өтіліне қосылмайды.

 

 

«Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13922 болып тіркелген) 5 және 6-тармақтарына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамын ұйым басшысы бекітетін ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі біліктілік (аттестациялық) комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды.

Біліктілік (аттестациялық) комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

Осыған байланысты, бұл мәселе бойынша «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің біліктілік (аттестациялық) комиссиясына жүгінуіңіз қажет.

Жалпы бухгалтер лауазымында қызмет өтілі бөлімше меңгерушісі лауазымы өтіліне қосылмайды.

 

Сұрақтың нөмірі: 360822
5 маусым, 2019 - 20:10 өзгертілді

Қайырлы күн! Мектепте директордың орынбасары болып қызмт атқарамын. Қосымша диплом бойынша мамандығыма сәйкес өз пәнімнен 9 сағаттық апталық жүктемем бар. Азаматтық қызметші статусын енгізген кезде сауықтыру жәрдемақысын төлеу жөнінде әлеуметтік даму министрлігінен нұсқаулық хат берілген болатын. Сол хат бүгінде қолданыста ма, әлде күшін жойды ма? Егер күші жойылса, сауықтыру жәрдемақысын төлеу туралы түсіндірме беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодекстің 1-тармағына сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалуы қажет.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сіздің жағдайыңызда қосымша 9 сағаттық апталық жүктемеңіз қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Осыған орай, қоса атқарылатын жұмыс кезінде еңбек шарты жалпы негіздеме бойынша жасалатындықтан, тиісті төлемдер, оның ішінде сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша бөлек нақты жүктемесіне қарай төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 360733
21 мамыр, 2019 - 18:31 өзгертілді

4 айға ағылшын тіліне оқуға  кеткен мұғалімнің орнына сабақ берген мұғалімге ақы қалай төленеді? 

Жауап: 

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен реттеледі (бұдан әрі-Қағидалар), оған сәйкес ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем жүргізіледі.
Қағидаларға сәйкес егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді, яғни педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.
Аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін есекере отырып, нақты ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Салеметсиздер ме! Менин сурағым мемлекеттік балабакшаларда сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі тиіс пе? Және қандай мөлшерде?

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінде «азаматтық қызметші» – бұл қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Осы Кодекстің 139-бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық бір айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. Бұл жәрдемақы тек күнтізбелік жылда бір рет төленеді (139-б.).
«Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңында «мемлекеттiк қызметшi» – бұл мемлекеттiк органда мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Осы Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi делінген.

Сұрақтың нөмірі: 360248
25 сәуір, 2019 - 18:29 өзгертілді
Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінде «азаматтық қызметші» – бұл қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Осы Кодекстің 139-бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық бір айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. Бұл жәрдемақы тек күнтізбелік жылда бір рет төленеді (139-б.).
«Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңында «мемлекеттiк қызметшi» – бұл мемлекеттiк органда мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Осы Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi делінген.

Сұрақтың нөмірі: 360247
25 сәуір, 2019 - 18:28 өзгертілді

Сəлеметсіз бе, мен балабақшада 10 жыл тəрбиеші болып жұмыс істеймін. 2- санатым бар.

Жауап: 

Бірінші сұрақ бойынша
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес тәрбиешілердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
- біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, еңбегіңізге ақы төлеу біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жүргізілуі керек деп есептейміз.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңызға нақты жауап алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Екінші сұрақ бойынша
Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес бюджеттік саладағы бөлек қызметкерлердің жалақысы олардың лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған еңбек өтілі бойынша коэффициенттерді көбейту жолымен 30%-ға дейін сараланып артатын болады.
Жалақының 30%-ға дейін артуын келесі қызметкерлер алатын болады: 1 разрядтан 8 разряд аралығындағы барлық жұмысшылар, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдардың қызметкерлері, оның ішінде тәрбиешілерді де қамтитын болады, сондай-ақ басқару персоналының кейбір қызметкерлері.

Сұрақтың нөмірі: 360246
29 сәуір, 2019 - 20:22 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші